Қайтару шарттары
Төлем карталарын пайдалана отырып, онлайн төлемдерді жүзеге асыру кезінде қолма-қол ақшаны қайтаруға жол берілмейді. Қайтару тәртібі халықаралық төлем жүйелерінің ережелерімен реттеледі:
- Тұтынушы тауар жеткізілгенге дейін кез келген уақытта тауардан бас тартуға құқылы, бас тарту 14 күн ішінде берілуі керек;
- Тиісті сападағы өнімді қайтару, егер оның көрсетілімі, тұтынушылық қасиеттері, сондай-ақ көрсетілген өнімді сатып алу фактісі мен шарттарын растайтын құжат сақталған жағдайда мүмкін болады;
- Тұтынушының жеке белгiленген қасиетi бар тиiстi сападағы тауардан бас тартуға құқығы жоқ, егер көрсетiлген тауарды тек оны сатып алушы ғана пайдалана алатын болса;
- Тұтынушы тауардан бас тартқан жағдайда, сатушы тұтынушы тиiстi талап қойған күннен бастап он күннен кешiктiрмей оған тұтынушы төлеген ақша сомасын қайтаруға мiндеттi.
Банк картасына қаражатты қайтару үшін компанияның электрондық поштасына сұрау салуы бойынша жіберілетін «Қаржыны қайтару туралы өтінішті» толтырып, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен бірге office@lazonail.kz электрондық поштасына жіберу керек.
Қайтарулар Банк картасына Қоғам «Қайтару туралы өтінішті» алған күннен бастап ___ жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Қателермен жүргізілген транзакциялар бойынша қаражатты қайтару үшін жазбаша өтініш беріп, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және қате дебеттеуді растайтын чектерді/түбіртектерді қоса беру қажет. Бұл өтінімді office@lazonail.kz мекенжайына жіберу керек.
Қайтару сомасы сатып алу сомасына тең болады. Өтінішті қарау және ақшалай қаражатты қайтару мерзімі Қоғам Өтінішті алған сәттен бастап есептеле бастайды және мереке/демалыс күндерін есепке алмастан жұмыс күндерімен есептеледі.
Төлем жасаудан бас тарту жағдайлары:
- банк картасы Интернет арқылы төлем жасауға арналмаған, оны эмитент банкке хабарласу арқылы білуге болады;
- банк картаңызда төлеуге қаражат жеткіліксіз. Банк картасын шығарған банкке хабарласу арқылы төлем картаңыздағы қаражаттың бар-жоғын білуге болады;
- банк картасының деректемелері қате енгізілген;
- банк картаңыздың мерзімі өтіп кеткен. Картаның жарамдылық мерзімі әдетте картаның алдыңғы жағында көрсетіледі (бұл карта жарамды болатын ай мен жыл). Карточканың әрекет ету мерзімі туралы толығырақ банк-эмитентке хабарласу арқылы білуге болады.
Банк картасы арқылы төлем жасау және сайт жұмысына қатысты басқа да сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: +77017153456.